ҚР Энергетика министрінің 2017.28.06. № 221 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.01.02. № 33 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығына 6-қосымша
ҚР Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығымен күші жойылды
«Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2019.01.02. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған). 3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесi - көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу (бұдан әрі - лицензия және (немесе) лицензияға қосымша) немесе лицензия беруге бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі - дәлелді бас тарту). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|