Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабы 15), 22) және 23) тармақшаларына, 17-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Прокуратура органдарының заңдылықтың сақталуына тексеріс тағайындау және жүргізу, заңдылықтың жай-күйіне талдау жасау, сондай-ақ күшіне енген актілерді бағалау қағидалары, осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес; 2) Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдерінің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес; 3) Заңды күшіне енген сот актілерінің, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер, атқарушылық іс жүргізу бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдірудің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық, осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтары осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|