Павлодар облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы (2023.06.02. берілген өзгерістермен)
Павлодар облыстық мәслихатының 2022.07.09. № 190/15 шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидалары бекітілсін. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттын аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 22/3 шешімімен бекітілген
Павлодар облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Павлодар облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес әзірленді және Павлодар облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау тәртібін жүзеге асырауды айқындайды. Павлодар облыстық мәслихатының 2022.07.09. № 190/15 шешімімен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады: 1) ауыл шаруашылығы жануарлары - адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|