Пациенттер құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсаттарында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидаларын бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-335/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Пациенттер құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсаттарында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|