Бюджет қаражаты көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге 2023 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-4) тармақшасына, 62-бабының 4-4, 6-2-тармақтарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Бюджет қаражаты көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге 2023 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 3 ақпандағы № 107-179 қаулысына қосымша
2023 жылға арналған бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|