Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларын бекіту туралы (2015.25.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Негізгі ережелер
1. Осы Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдегі Орман кодексінің (бұдан әрi - Орман кодексі) 13-бабы 1-тармағының 18-20) тармақшасына әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесуді жүргізу тәртiбiн, мерзiмiн және тәсiлдерiн айқындайды. 2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесуді жүргізу тәртібі, мерзімі мен тәсілдері орманның өсу жағдайларына, тұқымдылар құрамына және мемлекеттiк орман қорының санатына байланысты. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|