Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкiметiнiң 2023 жылғы 19 қазандағы № 928 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. «Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы № 64 қаулысында: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Әлеуметтік оңалу үшін зардап шегуші немесе оның атынан әрекет ететін жақын туысы (заңды өкілі) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіретін уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органына (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы) зардап шегушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмiрi (ЖСН), тұрғылықты мекенжайы және өзі қалайтын әлеуметтік оңалтудың түрі көрсетілген өтінішпен жүгінеді.». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|