«Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестаттың нысаны; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестаттың нысаны; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысаны; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес білім туралы аттестаттың нысаны;»; көрсетілген бұйрыққа 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 35-қосымшада: 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «8. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға негізгі орта білім туралы аттестат, жалпы орта білім туралы аттестат, техникалық және кәсіптік білім туралы диплом, орта білімнен кейінгі білім туралы диплом, бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы диплом, біліктілік берілетін жоғары білім туралы диплом, магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом, сондай-ақ кәсіптік даярлау туралы куәлік беру үшін тиісті (емтихан, біліктілік, аттестаттау) комиссияның шешімі негіздеме болып табылады. Интернатураны немесе резидентураны бітіргені туралы куәлікті беру үшін аттестаттау комиссиясының шешімі негіздеме болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|