|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы (2024.22.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 30 маусымдағы № 297-НҚ бұйрығымен күші жойылды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024.03.07. № 291-НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024.03.07. № 291-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|