«Мәдениет саласындағы коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 105-1016 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мәдениет саласындағы коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 105-1016 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1108 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда көрсетілген қаулыда: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мәдениет саласындағы коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17-қосымшаларына сәйкес белгіленсін.». 5-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2, 6, 11, 12, 14-қосымшалар алынып тасталсын. 1, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 13, 15-қосымшаларындағы ескертпелер «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері мәдени ойын-сауық іс-шараларына бірінші кезекте және тегін кіруіне құқықтары бар (растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда).» деген сөздер алынып тасталсын; осы қаулының 2, 3-қосымшаларына сәйкес 16, 17-қосымшалармен толықтырылсын; 2. «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|