Инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, Астана қаласының жинақы құрылысы жөніндегі 2019 - 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 590 Қаулысы
Осы редакция 2019 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, Астана қаласының жинақы құрылысы жөніндегі 2019 - 2023 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін. 2. Астана қаласының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Кешенді жоспардың орындалуын үйлестіруді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары Кешенді жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыруды және олардың орындалуы туралы ақпаратты Астана қаласының әкіміне жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Астана қаласының әкімі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Ұ. Маминге жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген
Инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, Астана қаласының жинақы құрылысы жөніндегі 2019 - 2023 жылдарға арналған кешенді жоспар
Ағымдағы жағдай
Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Қазақстан Республикасының елордасы 20 жылдың ішінде республикалық бюджеттің ірі донорына айналып, мемлекеттік бюджетке шамамен 7,3 трлн. теңге сомасында түсімдерді қамтамасыз етті, бұл алынған трансферттер көлемінен (2,3 трлн. теңге) 3 есе асып түседі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|