Қазақстан Республикасының азаматтық пилотсыз авиациясын дамытудың 2025 - 2031 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық пилотсыз авиациясын дамытудың 2025 - 2031 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін. 2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша): 1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын; 2) есепті жылдан кейінгі 1 сәуірге дейін Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне ұсынып тұрсын. 3. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі есепті жылдан кейінгі 1 мамырға дейін Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынып тұрсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 412 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық пилотсыз авиациясын дамытудың 2025 - 2031 жылдарға арналған тұжырымдамасы
2. Азаматтық пилотсыз авиация саласын дамытудың ағымдағы жағдайын талдау. 3. Халықаралық тәжірибеге шолу. 4. Азаматтық пилотсыз авиация саласын дамыту пайымы. 5. Азаматтық пилотсыз авиация саласын дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері. 6. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер.
1. Паспорт (негізгі параметрлер)
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|