Молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2023 жылғы 2 ақпандағы № 50 бұйрығымен бекітілген
Молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады: 1) мамандандырылған зертхана – молекулярлық генетикалық сараптаманы жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлға немесе оның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ аккредиттелген заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|