Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019.09.07. № 265 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.18.10. № 436 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 139 қаулысымен бекітілген
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 10 Қаулысымен күші жойылды
«Жобалау қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2019.18.10. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Жобалау қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Қызмет беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижесін беру «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған). 3. Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 276 «Жобалау қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) бекіту туралы бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 22 мамырдағы № 11133 тіркелген) бекітілген 10-тармағында қаралған жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық түрде беріледі. Қызметті алушы Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|