|
|
|
«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № БМСД-8 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын және Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 13, 2022 жылғы 14 наурыздағы № 14, 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16, 2022 жылғы 25 наурыздағы № 18 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № БМСД-8 қаулысына (бұдан әрі - БМСД-8 қаулысы) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) БМСД-8 қаулысының айқындаушы (кіріспе) бөлігінде: - «2022 жылғы 14 наурыздағы № 12» сөзі алынып тасталсын; - «2022 жылғы 14 наурыздағы № 14» сөзінен кейін «, 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16 және 2022 жылғы 25 наурыздағы № 18» сөздерімен толықтырылсын; 2) 1 тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: - «халықтың көп жиналатын орындарында, қоғамдық көлікте, ұйымдасқан ұжымдарда медициналық бетпердені пайдалануы ұсынылсын»; 3) 2 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: « - әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтауға; - күн сайынғы «кіру» сүзгісіне (жанаспайтын термометрмен термометрия); - кабинеттік оқыту жүйесін сақтауға; - бетперде кию режимін міндетті түрде сақтауға қойылатын талаптар алынып тасталсын. «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану, бетперде кию режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау және термометрия жүргізу білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін»; 4) 3 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын; 5) 4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысына және меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына: 1) COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайда оны оқшаулау үшін көрсетілетін медициналық көмектің ерекшелігін ескере отырып, барлық денсаулық сақтау ұйымдарында үй-жайлардың тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етуді; 2) барлық медициналық ұйымдарда медицина персоналының, қызметкерлердің, келушілердің, пациенттердің медициналық маска киіп жүруін қамтамасыз етуді; 3) барлық босандыру және балалар медициналық ұйымдарында ЖРВИ, тұмау, COVID-19 коронавирус инфекциясы белгілері бар жүкті әйелдерді, босанатын, босанған әйелдерді және балаларды емдеуге жатқызу үшін мамандандырылған бөлімше ұйымдастыруды; 4) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16 қаулысының 8-қосымшасына сәйкес СОVID-19-ға зертханалық тексеруді; 5) инфекциялық және басқа да медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтауды; 6) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес іс-әрекеттері COVID-19-ға күдікті науқастарды қарап-тексерумен, тасымалдаумен, ошақтағы жұмыспен, емдеуге жатқызумен, емдеумен және оларға қызмет көрсетумен байланысты медицина қызметкерлері мен персоналының тиісті қорғаныш деңгейіндегі ЖҚҚ-ды пайдалануын бақылауды; 7) денсаулық сақтау ұйымдары үшін COVID-19 эпидемиологиясы, клиникалық көріністері, диагностикасы, эпидемиологиялық және биологиялық қауіпсіздік қағидалары, стандартты операциялық рәсімдерді (СОР) орындау жөнінде семинарлар ұйымдастыруды және өткізуді; 8) COVID-19 кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша облыстағы медициналық ұйымдарының барлық қызметкерлерін толық қамти отырып, жеке қорғаныш құралдарын пайдалану жөнінде нұсқама жүргізуді; 9) үйде медициналық бақылаудың жүргізілуін және үй карантині талаптарының сақталуын бақылауды; 10) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес амбулаториялық деңгейде ем алып жүрген COVID-19-бен ауыратын науқастарға Үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қолхат (бұдан әрі - қолхат) бере отырып, қол қойғызып хабарлауды; 11) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16 қаулысының 8, 9, 10-қосымшаларына сәйкес санаттарға жататын адамдарды медициналық бақылау және зертханалық тексеруді қамтамасыз ету; 12) Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелеріне диагноз қойылғаннан кейін 12 сағат ішінде COVID-19 ауруының әрбір жағдайына, оның ішінде U07.2 «COVID-19 коронавирустық инфекциясы (Вирус сәйкестендірілмеген)» коды бойынша шұғыл хабарлама беруді қамтамасыз ету. 2. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жаппай хабардар етуді жүргізсін. 3. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті. 4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |