|
|
|
Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары туралы Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № БМСД-8 Қаулысы (2022.28.04. берілген өзгерістермен)
Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.30.03. № БМСД-9 Қаулысымен (бұр.ред.қара); Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.28.04. № БМСД-10 Қаулысымен (бұр.ред.қара) кіріспе өзгертілді Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып (Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдай тұрғысынан 2022 жылдың 12 ақпанындағы бағалау матрицасына сәйкес Ақтөбе облысы жасыл аймақта), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын және Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 14, 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16, 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 20 және қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.30.03. № БМСД-9 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, аумақтық мемлекеттік органдарға, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, құқық қорғау және арнайы органдарға, ұйымдар мен мекемелер басшыларына, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпкерлік субъектілеріне, Ақтөбе облысының тұрғындарына қамтамасыз ету: 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысын іске асыруға; 2) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері уақыт бойынша жұмыс режиміне шектеулер белгіленбейді; 3) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда - қызметі шектеусіз; 4) осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану міндетті болып табылмайды және қызметін шектемей, субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін; 5) халықтың көп жиналатын орындарында, қоғамдық көлікте, ұйымдасқан ұжымдарда медициналық бетпердені пайдалануы ұсынылсын. Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.30.03. № БМСД-9 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.28.04. № БМСД-10 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдері, Ақтөбе облысының білім басқармасы, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларына: 1) 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқу жалғастырылсын; 2) бетперде кию режиміне, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтауға, педагогтардың, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісіне (байланыссыз термометрмен термометрия), кабинеттік оқыту жүйесіне қойылатын талаптар алып тасталсын; 3) қамтамасыз етсін: - рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен; - үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізуге, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтауды; - асханалардағы ауа рециркуляторларының қондырғыларын қамтамасыз ете отырып, тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылауды. 3. Ақтөбе облысының тұрғындарына: 1) респираторлық инфекцияның алғашқы симптомдары (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) пайда болған кезде 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақыру жолымен медициналық ұйымдарға бармай-ақ, үйде медициналық көмекке дереу жүгіну; 2) Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.30.03. № БМСД-9 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.30.03. № БМСД-9 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысына және меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына: 1) COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайда оны оқшаулау үшін көрсетілетін медициналық көмектің ерекшелігін ескере отырып, барлық денсаулық сақтау ұйымдарында үй-жайлардың тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етуді; 2) барлық медициналық ұйымдарда медицина персоналының, қызметкерлердің, келушілердің, пациенттердің медициналық маска киіп жүруін қамтамасыз етуді; 3) барлық босандыру және балалар медициналық ұйымдарында ЖРВИ, тұмау, COVID-19 коронавирус инфекциясы белгілері бар жүкті әйелдерді, босанатын, босанған әйелдерді және балаларды емдеуге жатқызу үшін мамандандырылған бөлімше ұйымдастыруды; 4) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16 қаулысының 8-қосымшасына сәйкес СОVID-19-ға зертханалық тексеруді; 5) инфекциялық және басқа да медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтауды; 6) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес іс-әрекеттері COVID-19-ға күдікті науқастарды қарап-тексерумен, тасымалдаумен, ошақтағы жұмыспен, емдеуге жатқызумен, емдеумен және оларға қызмет көрсетумен байланысты медицина қызметкерлері мен персоналының тиісті қорғаныш деңгейіндегі ЖҚҚ-ды пайдалануын бақылауды; 7) денсаулық сақтау ұйымдары үшін COVID-19 эпидемиологиясы, клиникалық көріністері, диагностикасы, эпидемиологиялық және биологиялық қауіпсіздік қағидалары, стандартты операциялық рәсімдерді (СОР) орындау жөнінде семинарлар ұйымдастыруды және өткізуді; 8) COVID-19 кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша облыстағы медициналық ұйымдарының барлық қызметкерлерін толық қамти отырып, жеке қорғаныш құралдарын пайдалану жөнінде нұсқама жүргізуді; 9) үйде медициналық бақылаудың жүргізілуін және үй карантині талаптарының сақталуын бақылауды; 10) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес амбулаториялық деңгейде ем алып жүрген COVID-19-бен ауыратын науқастарға Үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қолхат (бұдан әрі - қолхат) бере отырып, қол қойғызып хабарлауды; 11) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16 қаулысының 8, 9, 10-қосымшаларына сәйкес санаттарға жататын адамдарды медициналық бақылау және зертханалық тексеруді қамтамасыз ету; 12) Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелеріне диагноз қойылғаннан кейін 12 сағат ішінде COVID-19 ауруының әрбір жағдайына, оның ішінде U07.2 «COVID-19 коронавирустық инфекциясы (Вирус сәйкестендірілмеген)» коды бойынша шұғыл хабарлама беруді қамтамасыз ету. 5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалына: - COVID-19 ошақтарында қорытынды дезинфекцияны қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, интернат үлгісіндегі оқу орындарында жағдайлар тіркелген кезде ҰСО филиалдары жүргізу. 6. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жаппай хабардар етуді жүргізсін. 7. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті. 8. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 19 ақпанындағы № БМСД-7 күші жойылды деп танылсын. 9. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № БМСД-8 қаулысының 1 қосымшасы
«Ashyq» жобасына қатысатын, әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |