|
|
|
«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № БМСД-8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № БМСД-10 Қаулысы
Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7- тармақтарын және Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 14, 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16, 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 20 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № БМСД-8 қаулысына (бұдан әрі - БМСД-8 қаулысы) келесідей өзгерістер енгізілсін: 1) БМСД-8 қаулысының айқындаушы (кіріспе) бөлігінде: - «2022 жылғы 14 наурыздағы № 13», «2022 жылғы 25 наурыздағы № 18» сөздері алынып тасталсын; - «2022 жылғы 25 наурыздағы № 16» сөзінен кейін «, 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 20» сөзімен толықтырылсын; 2) 2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдері, Ақтөбе облысының білім басқармасы, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларына: 1) 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқу жалғастырылсын; 2) бетперде кию режиміне, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтауға, педагогтардың, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісіне (байланыссыз термометрмен термометрия), кабинеттік оқыту жүйесіне қойылатын талаптар алып тасталсын; 3) қамтамасыз етсін: - рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен; - үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізуге, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтауды; - асханалардағы ауа рециркуляторларының қондырғыларын қамтамасыз ете отырып, тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылауды.». 2. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жаппай хабардар етуді жүргізсін. 3. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті. 4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |