|
|
|
Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары туралы Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № БМСД-8 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып (Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдай тұрғысынан 2022 жылдың 12 ақпанындағы бағалау матрицасына сәйкес Ақтөбе облысы жасыл аймақта), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын және Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12, 2022 жылғы 14 наурыздағы № 13, 2022 жылғы 14 наурыздағы № 14 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, аумақтық мемлекеттік органдарға, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, құқық қорғау және арнайы органдарға, ұйымдар мен мекемелер басшыларына, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпкерлік субъектілеріне, Ақтөбе облысының тұрғындарына қамтамасыз ету: 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысын іске асыруға; 2) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері уақыт бойынша жұмыс режиміне шектеулер белгіленбейді; 3) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда - қызметі шектеусіз; 4) осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану міндетті болып табылмайды және қызметін шектемей, субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін. 2. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдері, Ақтөбе облысының білім басқармасы, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларына: 1) талаптар алынып тасталсын: - әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтауға қойылатын; - күн сайынғы «кіру» сүзгісіне қойылатын (жанаспайтын термометрмен термометрия). «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және термометрия жүргізу білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін; 2) «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысының осы қаулыға қайшы келмейтін бөлігіндегі талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етсін. 3. Ақтөбе облысының тұрғындарына: 1) респираторлық инфекцияның алғашқы симптомдары (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) пайда болған кезде 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақыру жолымен медициналық ұйымдарға бармай-ақ, үйде медициналық көмекке дереу жүгіну; 2) 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу жағдайларын қоспағанда халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте болған кезде барлық адамдарға медициналық немесе мата бетперделерін міндетті түрде тағу. 4. Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысына және меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына: 1) COVID-19 күдігі бар адамдарды уақытылы анықтау және оқшаулау үшін барлық денсаулық сақтау объектілерінде сүзгілердің, пациенттердің бүкіл ағынының дене температурасын өлшеуге арналған тепловизорлары бар шлюздердің тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етуді; 2) бейінді мамандардың науқастарды қабылдау кезінде кезектердің туындауына жол бермеу, екпе алу, клиникалық-диагностикалық зерттеулерден өту үшін (шұғыл жағдайлардан басқа пациенттерді алдын ала жазылу бойынша қабылдау), медициналық ұйым басшысының бұйрығымен медициналық ұйымның әрбір қабатында профилактикалық іс-шараларды бақылау және қамтамасыз ету үшін жауапты қызметкерді айқындау, персонал мен пациенттердің лас аймақтан таза аймаққа ауысуын болдырмау; 3) пациенттердің күнделікті ағынын хирургиялық және терапиялық бейіні бойынша бөлек бөлу, стационарлардың аймақтарға бөлінуі мен жұмыс режимін қатаң сақтау, медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігін сақтау. 5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалына: - COVID-19 ошақтарында қорытынды дезинфекцияны қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, интернат үлгісіндегі оқу орындарында жағдайлар тіркелген кезде ҰСО филиалдары жүргізу. 6. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жаппай хабардар етуді жүргізсін. 7. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті. 8. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 19 ақпанындағы № БМСД-7 күші жойылды деп танылсын. 9. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № БМСД-8 қаулысының 1 қосымшасы
«Ashyq» жобасына қатысатын, әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |