Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде және білім беру ұйымында өтініштерді қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Осы редакция 2021 жылғы 15 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 21-бабына, 37-бабының 4) және 6) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса тіркеліп отырған Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде және білім беру ұйымында өтініштерді қарау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтары күші жойылды деп танылсын. 3. Бас прокуратураның өтініштер және іс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшесі: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды; 4) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы прокуратурасы ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының басшыларына, облыстардың, аудандардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жолдауды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|