Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 216 бұйрыққа 2-қосымша
«Су тұтыну және су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Су тұтыну және су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Су тұтыну және су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды. 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) және (немесе) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш береді. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымша нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) су шығынын, тасымалдау желілеріндегі, су тұтыну нүктелеріндегі су шығынын есепке алуды ұйымдастыруды және су объектілерінен су алу көлемін қысқарту мүмкіндігін жыл сайын талдау бойынша деректердің электрондық көшірмесі; 2) су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары есебінің электрондық көшірмесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|