Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 628 Қаулысы (2024.02.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 336 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қызметін өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі - ЖКС) қолдау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 - 2021 жылдары екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі - ЕДБ) және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - АНК) қаржыландыруының жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін құрайды. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - ҚДБ) жобалары ҚДБ-ның өз қаражаты (нарықтық қорландыру) есебінен ғана қаржыландырылады.»; мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын: «1-1. Стратегиялық міндеттер Стратегиялық міндеттер: 1) өңдеу өнеркәсібінде және АӨК-де өндірісті кеңейту. 2) ішкі нарықты отандық өндірушілердің тауарларымен және көрсетілетін қызметтерімен толықтыру. 1-2. Нысаналы индикаторлар Нысаналы индикаторлар: 1) қарапайым заттар экономикасының тауарлары бойынша импорт үлесін 2022 жылға қарай 2018 жылғы деңгейден 20 %-ке төмендету. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|