Пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша қор нормативін және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2020 жылғы 6 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша қор нормативі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. «Пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 18-03/159 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7645 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 4 тамыздағы № 464-470 (27543) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді басқа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|