Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың стипендиясын (Назарбаев стипендиясы) тағайындаудың кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың стипендиясы (Назарбаев стипендиясы) туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 470 өкімін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (Ж.Д. Кұрманғалиева) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізім бойынша 2020-2021 оқу жылына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың стипендиясы (Назарбаев стипендиясы) иегерлеріне стипендияны төлеуді қамтамасыз етсін. 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ә.Ж. Тойбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының тиісті жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|