ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығына 2-қосымша
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2017.22.02. № 76 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2017.22.02. № 76 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік мекемелердің (бұдан әрі - ММ), мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың (бұдан әрі - МКҚК), шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың (бұдан әрі - ШЖҚМК) ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алудың тәртібін белгілейді. 2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) әлеуетті өнім беруші - тауарлардың жеткізілімі туралы шарт жасасуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум); 2) бюджет - мемлекеттік мекеменің бюджеті. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|