Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2019 жылғы 24 маусымда болған сайлаудың қорытындыларын анықтау, жариялау және сайланған депутатты тіркеу туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 25 маусымдағы № 45/280 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9, 12, 44, 45, 46, 81 және 82-баптарына сәйкес, 2019 жылғы 24 маусымда Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы Шымкент қалалық сайлау комиссиясының қоса беріліп отырған хаттамасының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленсін: Рамиля Рафкатовна Искандероваға 2 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауыстарының 7,5 пайызы берілді; Айгүл Жарылқасынқызы Қапбароваға 23 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауыстарының 85,0 пайызы берілді; Алишер Гапиржанович Сатвалдиевке 2 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауыстарының 7,5 пайызы берілді. 2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Жарылқасынқызы Қапбарова сайланған болып есептелсін және тіркелсін. 3. Айгүл Жарылқасынқызы Қапбароваға белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын. 4. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау қорытындылары туралы қоса беріліп отырған хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|