Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Осы редакция 2023 жылғы 28 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы; осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін. 2. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 20 шілдедегі № 314 қаулысына 1-қосымша
Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|