Алматы қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы
Осы редакция 2023 жылғы 21 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 8-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 7-баптарына, «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ: 1. Алматы қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 1 251 202 811 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 1 095 715 408 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 4 831 473 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 30 891 826 мың теңге; трансферттер түсімдері – 119 764 104 мың теңге; 2) шығындар – 1 208 136 825 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 10 452 230 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 32 613 756 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 33 063 756 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициті пайдалану) – 0 теңге. 2. Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтар мен алымдар есебінен құралады деп белгіленсін: ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығынан; төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығынан; төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығынан; төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығынан; әлеуметтік салықтан; заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтан; жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан; жер салығынан; заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салықтан; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|