Атырау облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн айқындау туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 481-VI шешімімен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және ѳзін-ѳзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаӊтардағы Заӊыныӊ 6-бабына сәйкес, VІ шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті XXXIІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Атырау облысыныӊ ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесi айқындалсын: ауылдық жерге жұмыс істеу үшін жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бір жолғы төлем түрінде 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде әлеуметтік қолдау арқылы белгілеу. 2. Атырау облысыныӊ ауылдық жерге жұмысқа жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсетудiң Қағидасы осы шешiмiнiң қосымшасына сәйкес бекітілсін. 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрайымына (Ә. Беккужиева) жүктелсін. 4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ѳткен соӊ қолданысқа енгiзiледi.
Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 21 маусымдағы № 330-VI шешіміне қосымша
Атырау облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсету қағидасы
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|