Осы редакция 2022 жылғы 28 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017.28.04. № 103 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.30.01. № 33 бұйрығымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.31.05. № 205 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.03.03. № 61 бұйрығымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына 2-қосымша
Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну қағидалары (2021.06.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленді және мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну тәртiбiн белгілейдi. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі - Портал) - әлеуметтік-еңбек саласының мүгедектерге санаторий-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар, арнайы жүріп-тұру құралдарын, сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін сатып алу мүмкіндігін беретін бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі; 2) проактивті көрсетілетін қызмет - қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша көрсетілетін, көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|