Осы редакция 2020 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017.28.04. № 103 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына 2-қосымша
Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну қағидалары (2019.24.05. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну тәртiбiн белгілейдi. 2. Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етудi жергiлiктi атқарушы органдар халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мүгедектерді санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдерді ескере отырып әзірлеген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі - ОЖБ) сай мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық жолдама (бұдан әрi - жолдама) беру арқылы жүзеге асырады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019.24.05. № 271 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Жолдамаларды облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары (бұдан әрі - облыстық басқармалар), Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (бұдан әрі - қалалық басқармалар) мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен сатып алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|