«Қарағанды облыстық мәслихатының XV сессиясының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 308 «Қарағанды облысы бойынша іске асырылуы жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2022 жылғы 15 шілдедегі № 227 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 24-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Қарағанды облыстық мәслихатының XV сессиясының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 308 «Қарағанды облысы бойынша іске асырылуы жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4766 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 мамырда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде, 2018 жылғы 24 мамырда №55 (22507) «Орталық Қазақстан» және 2018 жылғы 24 мамырда №55 (22314) «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|