Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 239/НҚ бұйрығы
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 302/НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын ашық деректерінің тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаменті бекітілген заңнамаға сәйкес: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электронды түрде, қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында жариялауға жіберуді; 4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|