Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2020 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 4-тармағына және 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қoca берiлiп отырған Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 497 қаулысымен бекітілген
қағидалары
1. Осы Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама жүргізу қағидалары «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 30-бабының 4-тармағына және 33-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Нормативтік құқықтық актілердің ғылыми сараптамасы: 1) жобаның сапасын, негiздiлiгiн, уақтылылығын, құқыққа сыйымдылығын, жобада Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген адам және азамат құқықтарының сақталуын бағалау; 2) нормативтік құқықтық актiнiң ықтимал тиiмдiлiгiн айқындау; 3) жобаның нормативтiк құқықтық акт ретiнде қабылдануының ықтимал терiс салдарын анықтау үшін жүргізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|