«Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 17 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 17 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 17 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 541 қаулысының күші жойылсын. 3. «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді; 2) осы қаулыны алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуы «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Р. Ибрагимовке жүктелсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|