Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы (2009.29.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 23 мамырдағы № 493 қаулысымен Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер
1. "Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешектердiң проблемасын шешу жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 58, 572-құжат): 1-тармақта: Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешек мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына: Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi, төрайым болып енгiзiлсiн; көрсетiлген құрамнан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын. 2. "Қазақстан Республикасы ?кіметінің заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегi № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасы Yкіметінiң ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат): 1-тармақта: Заң жобалау қызметі мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына: Кравченко Иван Михайлович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi енгiзiлсiн; көрсетiлген құрамнан Баймағанбетов Серiк Нұртайұлы, Лукин Андрей Иванович шығарылсын. 3. "Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 983 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 39, 400-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн: Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi, төрайым Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi, төрағаның орынбасары Зверьков Вадим Павлович - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Диқанбаева Сәуле Әлкейқызы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi Әбденов Серiк Сақбалдыұлы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты жұмыспен қамту және еңбек пен еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау департаментiнiң директоры; мына: "Досжан Ардақ Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасының Ақпарат вице-министрi Никитинский Евгений Сергеевич - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт агенттiгi төрағасының орынбасары" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Досжан Ардақ Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрi Никитинский Евгений Сергеевич - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігiнiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi төрағасының орынбасары"; көрсетiлген құрамнан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы, Отто Иван Иванович, Асанов Жақып Қажыманұлы, Әшитов Батыржан Зайырқанұлы, Волков Алексей Юрьевич, Iзбанов Мұхит Кәрiмұлы шығарылсын. 4. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
|