Соттардың экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық істер бойынша заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы (2020.11.12. берілген өзгерістермен)
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер жөніндегі заңнаманы дұрыс қолдану практикасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірме беруге қаулы етеді. 1. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау кезінде қылмыстық заңнаманы дұрыс қолдану жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететіндігіне соттардың назары аударылсын. ҚР Жоғарғы Сотының 2020.11.12. № 6 Нормативтік қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Заңсыз кәсіпкерлік туралы қылмыстық істерді қараған кезде соттар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 10-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кәсіпкерлік кодексі) 2-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтардың, қандастардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген дербес, бастамашыл қызметі кәсіпкерлік болып табылатынын ескеруі тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|