Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 16 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 23-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған 1-4 сыныптарға арналған сынып журналының нысаны; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған 5-11 (12 ) сыныптарға арналған сынып журналының нысаны; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған мектепалды сыныптарының журналының нысаны; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған факультативтік сабақтардың немесе үйде оқыту журналының нысаны; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарының нысаны; 7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспарының немесе қысқа мерзімді жоспарының нысаны; 8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары бойынша талдау туралы мәліметтердің нысаны; 9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес тәлімгер педагогтің жас маманмен жұмыс жоспарының нысаны; 10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес тәрбие жұмысы жоспарының нысаны; 11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған ата-аналар жиналысы хаттамасының нысаны; 12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушының жеке іс қағазының нысаны; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|