Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2020 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығының 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 146 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды әкелу мен әкету тәртібіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салынған тауарлар тізбесі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесі; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Сандық шектеулерді (квоталарды) есептеу және бөлу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшада көрсетілген тауарлар экспортына арналған рұқсатнамаларды, тауарларға арналған ветеринариялық және фитосанитариялық сертификаттарды беруді тоқтатсын; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшада көрсетілген тауарларға ветеринариялық және фитосанитариялық сертификаттар беруді Қағидаларға сәйкес жүзеге асырсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті осы бұйрыққа 2-қосымшада көрсетілген тауарларды кедендік ресімдеуді фитосанитариялық немесе ветеринариялық сертификаттар болған жағдайда ғана жүзеге асырсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|