Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016.29.04. № 146 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.13.08. № 207 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 200 қаулысымен бекітілген
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 75 Қаулысымен күші жойылды
«Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2019.13.08. берілген өзгерістермен)
1. «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелді) бекітілген «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес денсаулық сақтау субъектілерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 тіркелді) сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парағы. 4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|