Жамбыл облысы бойынша субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 249 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10190 болып тіркелген) бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы бойынша субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағалары бекітілсін. 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді; 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын; 4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. 3. «Субсидияланатын тұқымдарды сатып алу (пайдалану) және элиталық көшеттерді өткізу нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 274 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3161 болып тіркелген, 2016 жылдың 23 қыркүйегінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Шүкеевке жүктелсін. 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 сәуірдегі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|