Учаскелік комиссиялар туралы ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 124-бабы 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар бекітілсін: 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Учаскелік комиссиялар туралы ереже; 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттары. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 137 қаулысына 1-қосымша
Учаскелік комиссиялар туралы ереже
1. Осы Учаскелік комиссиялар туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 124-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 11-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және учаскелік комиссиялардың мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды. 2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар: мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының функцияларын аудандарда, облыстық маңызы бар қалада орындауды жүзеге асыратын филиалы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|