Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта үйымдастыру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Көлік жөне коммуникациялар министрлігінің «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны оны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Астана халықаралық әуежайы» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қоғамның жарғысын бекітсін; 2) Қоғамның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) Қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне берсін; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 1062 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Астана қаласы» бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-30 - жолмен толықтырылсын: «21-30 «Астана халықаралық әуежайы» ЖАҚ». 3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: көрсетілген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне» бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 160-14-жолмен толықтырылсын: «160-14 «Астана халықаралық әуежайы» ЖАҚ». 4. «Қызметінде төтенше жағдайлар туындау қатері жоғары ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 қаңтардағы № 89 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 1-2, 24-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметінде төтенше жағдайлар туындау қатері жоғары ұйымдардың тізбесінде: «Астана қаласы» бөлімінің реттік нөмірі 7-жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Астана халықаралық әуежайы» жабық акционерлік қоғамы». 5. «Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 8, 85-құжат): Кейбір акционерлік қоғамдардың және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) тізбесінде: реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын: «17. «Астана халықаралық әуежайы» ЖАҚ». 6. «Акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 тамыздағы № 1098 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 30, 389-құжат): 1) 1-тармақтың бірінші абзацындағы «Эйр Қазақстан» деген сөздерден кейін «Астана халықаралық әуежайы» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 2-тармақтағы «Астана халықаралық әуежайы» деген сөздер алынып тасталсын. 7. «Астана қаласында халықаралық әуежайды қайта жаңарту» жобасын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 маусымдағы № 611 қаулысына: 3-тармақта «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны» деген сөздер «Астана халықаралық әуежайы» жабық акционерлік қоғамы» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақта «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына» деген сөздер «Астана халықаралық әуежайы» жабық акционерлік қоғамына» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақта «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына» деген сөздер «Астана халықаралық әуежайы» жабық акционерлік қоғамына» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақтың үшінші абзацында «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен» деген сөздер «Астана халықаралық әуежайы» жабық акционерлік қоғамымен» деген сөздермен ауыстырылсын. |