Елдің және өңірлердің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 10 бұйрығы (2023.12.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023.26.05. № 86 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 12 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Елдің және өңірлердің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесі бекітілсін. 2. Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|