ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.15.03. № 136 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 621 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 527 бұйрығымен күші жойылды
«Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметін қарап тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 514 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11344 болып тіркелген) бекітілген «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды/қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат (бұдан әрі - сертификат) немесе Стандарттың 9-1-тармағында көрсетілген негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы көрсетілетін қызметті берушінің дәлелді жауабы болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|