Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерінің реинжинирингін жүзеге асыру қағидаларын және Бизнес-процестердің реинжиниринг әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 86/НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін әкімшілік органдардың қызметін цифрлық трансформациялау және реинжиниринг бойынша үйлестіру және мониторингтеу үшін жауапты мемлекеттік орган ретінде айқындауға қатысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 17-02/475 хатына Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 ақпандағы № 22-949 тапсырмасын орындау аясында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерінің реинжинирингін жүзеге асыру қағидалары; 2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бизнес-процестерді реинжиниринг әдістемесі бекітілсін. 2. Цифрлық трансформация департаменті (Н. Бажаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.С. Жамбакинге жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 86/НҚ бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерінің реинжинирингін жүзеге асыру қағидалар
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерінің реинжинирингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес әзірленген және мемлекеттік органдардың бизнес-процестерінің реинжинирингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды, оның ішінде: сондай-ақ мүдделі тараптардың өзара әрекеттесуі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|