Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінің кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі оларды «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен; 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің аумақтық бөлімшелері - республикалық мемлекеттік мекемелері осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қайта ұйымдастырылсын. 2. Мыналар: 1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық бөлімшелері - республикалық мемлекеттік мекемелері; 2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар қайта аталсын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті осы қаулының 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын. 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|