Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығына 11-қосымша
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 19 мамырдағы № 41 бұйрығымен күші жойылды
«Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтінішін (құжаттардың толық топтамасын) қабылдау және оның нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап: аттестаттау емтиханы тиісті жартыжылдықтың соңғы айының 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық түрінде (толық автоматтандырылған). 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң немесе теріс шешім не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық түрінде. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі жеке тұлғаның (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) жолданады не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі. 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|