Банкпен, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салуды белгілеудің кейбір мәселелері туралы (2021.24.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.24.02. № 43 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Заңның 40-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің мақсаттары үшін банктің өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға қамтамасыз етусіз беретін қарыздардың (бланктік қарыздардың) мөлшері банк қарыз беру туралы шешім қабылдаған күні 20 (жиырма) миллион теңгеден аспайды. 2. Заңның 40-бабының 1-тармағы үшінші бөлігінің мақсаттары үшін банктің директорлар кеңесінің мүшелеріне және осы банктің ірі қатысушыларына беретін банктік қарыздардың және Заңның 52-5-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген қаржыландырудың мөлшері банк қарыз немесе қаржыландыру беру туралы шешім қабылдаған күнгі банктің меншікті капиталының 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызынан аспайды. 3. Заңның 40-бабының 2-тармағы 5) тармақшасының мақсаттары үшін құны банк мәміле немесе мәмілелер жиынтығын жасау туралы шешім қабылдаған күні құны банктің меншікті капиталының 10 (он) пайызынан асатын заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алу жөніндегі мәмілелерді немесе мәмілелер жиынтығын қоспағанда, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен банк жасасқан мәміле немесе мәмілелер жиынтығының (ағымдағы қаржы жылында) құны банктің меншікті капиталының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызынан асады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|