Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 18 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыру
1. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі» деген бөлімде реттік нөмірі 43-жол алып тасталсын.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1207 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 63, 874-құжат):
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Донорлық қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қазандағы № 1060 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 540-құжат);».