|
Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы (2021.05.11. берілген өзгерістермен)
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021.05.11. № 10/86 шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ: 1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын айқындалсын. 2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын. 3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын. 4. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 39/444 «Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4062 болып тіркелген, 2019 жылы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы М. Сарыев). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|